ҮРКІМБАЕВ ТӨЛЕУБАЙ

     1898 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген.  16 жасынан бастап Жосалы, Жалағаш теміржол стансасында жұмысшы болып істеген (1914–1917).
       Шығармалары мерзімді баспасөз бетінде 1929 жылдан бастап жарияланып тұрды. Өлеңдері ақындардың ұжымдық жинақтарына («Он жылдағы олжа», 1930; «Халық ақындары», 1953; «Ақын жырлары», 1958; «Пернедегі термелер», 1965) енген. Жеке өлеңдер жинағы «Өлеңмен өрілген шындық» деген атпен 2002 жылы жарық көрді. Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдері майдандық газеттерде жарияланып тұрды. Аудандық, облыстық ақындар айтысына белсене қатысқан. 
       «Қазақстанның XV жылдығы» белгісімен (1935), «Құрмет Белгісі» орденімен (1945) және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1945). Туған ауылы мен Жалағаш аудандық орталығында көшеге Т.Үркімбаев есімі берілген.
 
 
 

Əдебиеттер


  Үркімбаев Т. Шығармалары: Өлең-толғаулар, сын-сықақтар мен айтыстар / Т.Үркімбаев, Қожахметов А.; Жауапты ред. Б.Кəрбозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 344 бет.- (Сырдария кітапханасы)

   Үркімбаев Төлеубай //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 526 б

   Үркімбаев Төлеубай //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 407 б.

   Үркімбаев Төлеубай //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 321б.

  Үркімбаев Төлеубай // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 655-656 б.

   Үркімбаев Төлеубай //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 506-507 б.

Ижанов З. Ескеретiн мұра: [Ақын Т.Үркiмбаев] // Қазақ əдебиетi.- 1962.-22 июнь Ижанов З. Төлеубай ақын //Ленин жолы. – 1967. – 28 июль

   Кəрімов Р. Төкпе жырдың төбе ақыны -Төлеубай: /Т.Үркімбаев 1898 ж. туған /Р.Кəрімов // Жалағаш жаршысы.- 2010.-11 қыркүйек

   Кəрімов Р. Төлеубай ақын: Халық ақыны Төлеубай Үркімбаев жайлы / Р.Кəрімов// Сыр ардагері.- 2011. - 6 сəуір. - 5 б.

   Қайырбекұлы А. Төкпе жырдың тарланы: Ақын Төлеубай Үркімбаев туралы.

   Қармақшы топырағының тумасы /А.Қайырбекұлы // Ақмешіт апталығы.- 2010.-12 тамыз Өлеңмен өрілген өрнек //Сыр бойы. – 2002. - 9 қараша

   Төлеубай Үркімбаев 80жаста //Ленин жолы. – 1976. – 3 дек.


24 апрель 2015 г. 09:30
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: