Қайқы батыр

     Қайқы Ұзақұлы 1845 жылы Ақмешіт уезіне қарасты Байұзақ болысында (қазіргі Жалағаш ауданы) дүниеге келген. Кіші жүздің Табын руынан шыққан.

     Әкесі Ұзақ қорғау кезінде жау қолынан қаза табады да, жастай жетім қалған Қайқы одан әрі анасының тәрбиесінде болады. Сөйтіп, өмірдің ащы-тұщысын көріп өскен ол ерте есейеді. Әсіресе, әділдік үшін күреске ешкімнен де жасқанбайды. Өзі де ірі тұлғалы, қайратты кісі болыпты. Жаумен ат үстінде кездескенде жиырма кісіге де алдырмаған, найзагер, сойып ұрғыш жан екен. Қыстың қандай бір қаһарлы суығының өзінде басына тымақ кимей-ақ, бөрікпен жүреді екен. Қайқы батыр халыққа қиянат жасағандардың қай-қайсысына болсын қарсы тұрып, тек туралығын айтқан, сол арқылы көпшілік құрметіне бөленген кісі болған.

     Әділдігімен, өткір де ержүректілігімен Сыр бойындағы бүкіл Жетісу мен Кете – Шөмекейге мәлім болған. Оған біткен күш-қуат айрықша екендігі елге аңыз болған. Қайқының аты көзі тірісінде-ақ ел ішіне кеңінен тараған. Ол жайлы деректер сирек те болса республикалық басылымдарда кездеседі. 1965 жылы жарыққа шыққан «Айтыс» кітабының 2-томындағы 231-286 беттерінде Кете Жүсіп пен Қаңлы Жүсіптің және Нақып Қожаның айтысында Қайқы есімі аталып кетеді.

     Қайқы батыр 1918 жылы, яғни 73 жасында дүние салған. Бейіті Қалжан ахун бейітінің оңтүстік шығыс жағында.


04 май 2015 г. 10:46
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: