KITAPKHANA.KZ
kz ru

Сартай батыр

     Сартай Байжанұлы шамамен 1711 жылы туып, 1785 жылы дүниеден озған. Кіші жүз әлім ішінде жақайым атасынан шыққан. Есімі А.И.Левшиннің «Описание киргиз-кайсацких орд и степей», А.И.Тевкелевтің «Күнделіктерінде», М.П.Вятькиннің «Сырым батыр» кітаптарында кездеседі. Тевкелев өзінің күнделігінде 1732 ж. 6 наурыз күні Сартай батырмен әңгімелескенін жазады. Генерал-губернатор О.А.Игельстронның 1785 ж. кіші жүзді басқару жөніндегі реформасы бойынша Сартай батыр, Қара Көбек би мен Мұратбек би үшеуі әлімұлын басқарған.

     Сартай батырдың ерлігі мен елшілік қызметі туралы Нұрмағамбет Қосжанұлының «Мың бала» немесе «Сартай батыр» деп аталатын дастанында айтылады. Осы дастаны үшін Қосжанұлы 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, шығармаға тыйым салынды. Жырда мың баланың жасағын басқарған 15 жасар Сартайдың Әбілқайыр хан басқарған сарбаздар құрамында болғаны айтылады.

     Сартайдың Шұбартеңіз, Қалмаққырылған және Аңырақай шайқастарына қатысқандығы туралы тарихи деректер бар. Ел ішіндегі аңыз әңгімелерге қарағанда Сартай тек батыр ғана емес, би де болған. Оның Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосу сәтіндегі талас-тартыста хан саясатын қолдағаны туралы Тевкелев, Мейер жазбаларында деректер бар. Батырдың өз өсиеті бойынша денесі Қазалы қаласының оңтүстігіндегі Қызылдың құмындағы Қосым қожа қорымына жерленген.

 


04 май 2015 г. 13:07
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: