KITAPKHANA.KZ
kz ru

ДІНІСЛАМОВ ӘБУША

    1934 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Арықбалық ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Еңбек  жолын 1946 жылы буыны қатпаған бала кезінде бастаған Әбуша соғыстан кейінгі ауыр кезеңдерде қара жұмыстың  отына қақталып өсті. Қазалы докомотив депосында жөндеуші, байланыс бөлімшесінде шебер болып жұмыс істеген.  Алпысыншы жылдардың аяқ шенінен туған ауылында күріш өсірумен айналысты. Еңбекқор диқан Сыр күрішін  өсірудің тәсілін терең игерді. Әр гектардан 25 центнерден өнім алды. 1972 жылы мол өнімге қол жеткізгені үшін  Еңбек Қызыл Ту орденін, ал 1975 жылы Ленин орденімен марапатталған. СССР халық шаруашылығы жетістіктері  көрмесінің бір күміс және екі қола медальмен марапатталды. 1981 жылы астық және басқа да ауылшаруашылық  өнімдерін өндіріп, мемлекетке сатуды ұлғайту жөніндегі социалистік міндеттемелерді орындауда жоғарғы  нәтижелерге жеткені және еңбектегі ерлігі үшін СССР Жоғары Советі Президиумының 1982 жылғы 22 ақпандағы  Жарлығымен Абуша Дінісламовке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1997 жылы 13 шілдеде қайтыс болды.  Туған ауылында даңғайыр диқанның атында көше бар.
04 май 2015 г. 15:57
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x