KITAPKHANA.KZ
kz ru

КИМ МАН САМ

      Ким Ман Сам 1883 жылы Ресейде, Қиыр Шығыс өлкесі, Уссури уезінде туған. Еңбек ардагері, Социалистік  Еңбек Ері (1947). 1937-1960 жылдары Шиелі ауданы (Авангард» (қазіргі Ақмая ауылы) ұжымшарында жұмыс  істеді. Ким Ман Сам Қазақстанда күріштен рекордтық жоғары өнім алу жолындағы социалистік жарыстың көш  бастаушысы болды. 1942 жылы, соғыстың ауыр кезінде көлемі 5 гектар участоктың әр гектарынан 150  центнерден күріш жинады. Бұл — дүниежүзілік рекорд еді. Асқан еңбек сүйгіштігімен көзге түскен, ізденгіш  күріш өсірушіні осындай жоғары өнім қанағаттандырмады. Ол мол өнім өсірудің жолдарын табандылықпен  іздестірді: әртүрлі тұқымды сынап көрді, агротехниканы өзгертті, суару жүйелерін жетілдірді.

 

      Сөйтіп қазіргі жағдайдың өзінде жерден әдеттегіден бірнеше есе мол өнім алуға болатынын дәлелдеді.  1941  жылы Ким Ман Сам Қазақ ССР-нің 20 жылдығы құрметіне «Қүрмет белгісі» орденімен наградталды.

    Ұлы Отан соғысы кезінде озат күріш өеіруші колхоздың алты бірдей звеносын басқарды, олар соның  басшылығымен жыл сайын мол өнім жинап отырды. Ким Ман Сам жауды жеңуге тек өзінің қажырлы еңбегімен  зор үлес қосып қана қоймай, 1942 жылы «Қызылордалық колхозшы» атты танк колоннасын жасауға 105 мың сом өз қаржысын берді.

     Ким Ман Сам өзінің мол тәжірибесін тек өзі басқаратын звено мүшелеріне ғана үйретіп қоймай, колхоздың жалпы күріш егістігінен мол өнім жинауына күш салды. Ол колхоз даласына себілетін күріш тұқымын іріктеп алу ісіне басшылық етті, мұның өзі егіннің бітік болып шығуында зор роль атқарды. Ол облыстың басқа колхоздарына да өзінің тәжірибесін үйретті, барлық күріш өсіретін шаруашылықтарда болып, егіншілерді мол өнім өсіруге шақырды. Ол Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясы Казақ филиалы ғылыми қызметкерлерінің конференциясында өз тәжірибесі жайында баяндама жасады, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысты.

     Ким Ман Сам 1944 және одан кейінгі жылдары тұрақты мол өнімге жетіп отырды, күріш шаруашылығында табысқа жетудің шешуші шарттарының бірі—шектерге суды дер кезінде және дұрыс толтыру, егісті дер кезінде арамшөптен арылту, минералды тыңайтқыштарды дұрыс қолдану—осы сияқты толып жатқан агротехникалық шараларды жүзеге асырып, егістікті мұқият баптау екенін іс жүзінде дәлелдеді.

    1945—1946 жылдары екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. 1947 жылы алдыңғы қатарлы агротехникалық әдісті енгізгені үшін оған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1947 жылы еліміздің атақты күріш өсірушісі Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

04 май 2015 г. 17:01
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x