KITAPKHANA.KZ
kz ru

КИМ ХИ ХАК

   Ким Хи Хак 1908 жылы туған. 1941 жылдан Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Путь Октября» ұжымшарында сушы болды. 1945—1958 жылдары Шиелі ауданы «Большевик» колхозында күріш өсіретін звеноның жетекшісі, 1959 жылдан Қармақшы ауданының «ІІІ-Интернационал» колхозында звено жетекшісі болып істеді.

 

    1949 жылы оның звеносы колхозшыларды ерекше қуанышқа бөледі. Көлемі 5,1 гектар егістіктің әр гектарынан орта есеппен 80 центнерден күріш алды. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1950 жылғы 25 маусымдағы Жарлығымен Ким Хи Хакқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

   1951 жылы оның ерекше еңбексүйгіштігі «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен тағы да атап өтілді. Ұдайы СССР Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысушы болған оған 1964 және 1966 жылдары ВДНХ-ның күміс және қола медальдары тапсырылды, оның есімі Қазақ ССР-ның Алтын кітабына жазылды. 1966 жылы даңқты күрішші «Қүрмет белгісі» орденімен марапатталды.

04 май 2015 г. 17:35
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x