KITAPKHANA.KZ
kz ru

ҚАЙРУЛЛАЕВ ӘДІЛБЕК

    Әділбек Қайруллаев 1938 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Жаңақала ауылында дүниеге келген. Шопан, еңбек ардагері. 1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін өзінің туған ауылында жұмысқа орналасты. 1964 жылдан бері «Жаңақала» совхозында аға шопан болып істеді.

     Оның табысы жыл сайын арта берді. Әділбек қаракөл елтірісінің 85 процентіне дейінгісін мемлекетке бірінші сортпен өткізіп, әр қойдан орта есеппен 3 килограмнан жүн қырықты. Осындай жоғары көрсеткішке ол Қызылорданың ауыр жағдайында суы аз, жайылым шөбі тез қурап кететін жаңа игерілген тың жерде ұйымдастырылған «Жаңа қала» шаруашылығында қолы жетті. (1964 жылы шаруашылықтың ірілендірілуіне байланысты Ленин атындағы совхоз жаңа совхоздың құрамына енді). Бірнеше жыл қатарынан әр 100 саулықтан 150 – 160-тан қозы алған.

     Жоғары өндірістік жетістіктері үшін 1963 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамотасымен марапатталды, ал 1966 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

     Ол 1966—1967 жылдары мал қыстатуды ойдағыдай өткізді, көктемде отарындағы әр жүз саулықтан 166-дан қозы алып, аман өсірді.

     1965 жылы ол еңбекшілер депутаттары облыстық Советіне депутат болып сайланды. 1966 жылы Қазақстан ЛКСМ XV съезіне делегат болды. Қайруллаев Әділбек 2000 жылы дүниеден озды.

 


04 май 2015 г. 17:51
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x