KITAPKHANA.KZ
kz ru

ЛИ ЕН ГЫН

   Ли Ен Гын 1903 жылы Ресейде, Приморье өлкесі, Сучан ауданының Таудими ауыдында туған. Еңбек жолын 1929 ж. Хабаров өлкесі Бикин ауданының «Авангард» колхозында бастаған. 1937 ж. Қазақстанға еріксіз жер аударылып, ауыл шаруашылық саласында еңбек еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Авангард» колхозында күріш өсірушілердің бригадирі болып істеді.

   Егістік сорға айналған участоктердегі судың үнемі ауыстырылып тұруын қадағалады, сөйтіп тұзды суды дер кезінде егістіктен ағызып, оны таза сумен толтырып отырды. Күріштің бірінші жауы — арамшөптер. Сондыңтан да олар қаулап өсе бастағанда атыздарды суга шүпілдете толтыратын, арамшөптердің көпшілігі тұншығып өспей қалатын.

   Осы сияқты және басқа да агротехникалық тәсілдерді қолдана отырып, Ли Ен Гын үзбей жақсы нәтижелерге жетіп отырды. 1940 жылдың ноябрінде Қазақ ССР 20-жылдығына байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы Ли Ен Гыннің адал еңбегін Қүрмет грамотасымен атап өтті.

   1948 жылы оның бригадасы 20 гектардың әрқайсысынан орта есеппен 100,5 центнерден күріш алды. Бұл аса көрнекті табыс еді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен Ли Ен Гынге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Даңқты күрішші бұдан былайғы жылдары да талай рет жоғары өнімге қолы жетіп, колхоздағы таңдаулы бригадир деген атақты берік сақтап келді.

   1955 жылы Шымкент облысына қоныс ауыстырды. Мұнда Сайрам ауданындағы «Ленинизм» колхозына мүше болды. 1964 жылдан Навои атындағы совхоздың жұмысшысы болды.

04 май 2015 г. 18:16
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x