KITAPKHANA.KZ
kz ru

НИГАЙ КОНСТАНТИН ИВАНОВИЧ

     Константин Иванович Нигай 1913 жылы Примор өлкесі Нижний Янчихе ауылында туған. Жеті жылдықты бітіріп, Хабаровскідегі дене шынықтыру техникумына түсті, оны бітірген соң Спасск-Дальний қаласындағы мектептерде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болды.

    К.И.Нигай 1937 жылы Қазақстанға көшіп келді. Алғашқы кезде мұнда өз мамандығы бойынша дене шынықтыру мұғалімі болып істеді, ал 1943 жылдан Қызылорда облысындағы ең ірі колхоз — «Гигантта» мәдени-бұқаралық жұмыс жетекшісі қызметін атқарды. 1947—1962 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Гигант» колхозында председательдің орынбасары, егіс бригадасының бригадирі болды.

1949 жылы оның бригадасы рекордтық өнімге жетті — 20,9 гектардың әрқайсысынан 87,7 центнерден күріш бастырылды. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен 1950 жылдың маусымында Константин Иванович Нигай Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды, ал бригаданың мүшелері ордендермен және медальдармен марапатталды.

   1963 жылдан 1965 жылға дейін Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының директоры болып істеді.

     1965 жылдан бері Сырдария ауданы, Абай атындағы совхоздың директоры болды.


04 май 2015 г. 18:32
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: