KITAPKHANA.KZ
kz ru

ОРАЗАЛИЕВА КАЛЖАН

     Қалжан Оразалиева 1924 жылы Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері. Қазақ КСР-і ауыл шаруашылығының озаты. 1945 жылдан күріш өсірушілер звеносының жетекшісі. 1948 жылы оның звеносы күріш егістігінің әр гектарынан 81 центнерден астық жинаған. Еңбектегі осы жетістігі үшін оған СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1950 жылы Ленин орденімен марапатталған. 1951 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды. 1966 жылы Қазақ КСР-і ауыл шаруашылығының үздігі белгісімен марапатталған.

     Күріш өсірудің шебері кейінгі жылдары да бар күш-жігерін, білімін, тәжірибесін мол өнім өсіруге жұмсады. Көп жылғы өнімді еңбегі үшін 1966 жылы оған «Қазақ ССР-і ауыл шаруашылығының озаты» белгісі берілді.

Қалжан Оразалиева 1995 жылы 12 желтоқсанда қайтыс болды.

04 май 2015 г. 18:39
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: