KITAPKHANA.KZ
kz ru

ОРАЗОВ БАЙДҮЙСЕН

     Байдүйсен Оразов 1911 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Еңбек және соғыс ардагері. Еңбек жолын ауыл шаруашылығын ұйымдастыру кезінде бастаған. 1929 жылы «Еңбекші» колхозына кірді. 1938 жылы Оразов Керделі ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Отан соғысы басталғанда Байдүйсен майданға аттанды. 1944 жылы ауыр жараланғаннан кейін демобилизацияланып туған ауылына оралды. Жерлестері оны колхоз председателі етіп сайлады. 1963 жылы ұжымшар, кейіннен ауылдық Кеңес атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1963 жылы атақты күріш өсіруші, Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың шақыруына үн қосып, Шиелі ауданындағы «Коммунизм» ұжымшарында күріш өсіретін звено жетекшісі болуға тілек білдірді.Ол өз жұмысын агротехниканы, алдыңғы қатарлы күріш өсірушілердің тәжірибесін үйренуден бастады. 1964 жылы көлемі 25 гектар күріш плантациясының әр гектарынан 45 центнерден өнім жинады. 1965 жылы судың жеткіліксіз болғанына қарамастан Оразов 23 гектар егістіктің әр гектарынан 41 центнерден дән бастырды.

Байдүйсен Оразовтың көрсеткіштері 1966 жылы бұдан да жоғары болды — звено 25 гектар егістіктен 64 центнерден күріш жинады. Соңғы үш жылда Байдүйсен Оразовтың звеносы орта есеппен әр гектардан 50 центнерден күріш өсірді.

    Байдүйсен басқаратын алдыңғы қатарлы коллектив плантацияны баптауға, жер бетінде қолданылатын машиналарды пайдалану ісін тыңайтқыштар енгізу мен арамшөпке қарсы күрес жүргізуде самолетті қолданумен шебер ұштастырды. Техниканы осылайша пайдалану күріш дәнінің арзанға түсуін қамтамасыз етті. 1964 жылы бір центнер күріштің өзіндік құны орта есеппен звено бойынша 8 сом 40 тиыннан айналды. 1966 жылы звено күріштің өзіндік құнын арзандатуда шаруашылық бойынша рекорд жасады — бір центнер күріш 5 сом 14 тиынға түсті. Осының нәтижесінде Оразов пен оның еңбектес жолдастары баптаған күріш плантациясының әрбір гектары колхозға 24 сом 86 тиыннан таза пайда келтірді.

   СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1967 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен звено жетекшісі, жаңашыл Байдүйсен Оразовқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

04 май 2015 г. 18:42
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x