АРТЕМОВ ПЕТР МИХАЙЛОВИЧАрхангельск облысының Каргаполов ауданында туган. 1919 жылы туган. 1941 жылы Одесса жаяу әскерлер училищесінде курсант болып жүрген кезінде армияга шақырылады. П.Артемов 1944 жылдың шілде айында атқыштар батальонының құрамында Ковель қаласының батыс жағындағы бекіністі бұзып өтуге қатысты. Батальонға Батыс Буг өзенінен өтіп, белгіленген алқапты дивизияның негізгі күші келгенше ұстап тұруға тапсырма берілді. Батальон жедел алга ұмтылып, Батыс Буг өзені төңірегін басып алып, жаудың 85 солдаты мен офицерін тұтқынға алды, содан кейін ешқандай кедергісіз Батыс Буг өзенінен өтеді де, Забережное қыстағын дивизияның негізгі күші келгенше ұстап тұрады. Соғыстағы батырлығы мен ерлігі үшін 1945 жылдың 24 наурызы күні КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен батальон командирі капитан Петр Михайлович Артемовке Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Соғыстан кейін 1952 жылы Артемов М.Ф. Фрунзе атындағы әскери академияны оқып бітіреді. 1954 жылы запасқа шыққан полковник Қызылорда қаласында тұрды, №45 техникалық училищеде әскер ісі пәнінен сабақ берді. П.Артемов 1991 жылы 72 жасында қайтыс болды. |