ГНУСОВ ВЛАДИМИР ДМИТРИЕВИЧГнусов Владимир Дмитриевич 1930 жылы 1 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда ауыл шаруашылығы техникумын техник-топограф мамандығы бойынша 1947 жылы бітіріп шығады. 1947-1958 жылдары Қызылорда жерге орналастыру және ауыспалы жерлер басқармасында техник-жерге орналастырушы болып жұмыс істейді. 1950-1953 жылы Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын отеп қайтты. 1958-1973 жылдар аралығында техник-геодезист болып жұмыс істейді. 1973-1990 жылдары Қызылорда облыстық архитектура және қала құрылысы басқармасында инженер-геодезист, мемлекеттік геоқадағалаушы болып қызмет істеп, 1991 жылы зейнеткерлік демалысқа шығады. Еңбек ардагері, Қызылорда қаласы әкімінің Алғыс хатымен, Қызылорда облыстық кәсіподақтар комитетінің Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. 2002 жылдың 2 қазанында "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді. |