KITAPKHANA.KZ
kz ru

ҚИЗАТОВ ЖӘЛЕЛ ҚИЗАТҰЛЫ

   Жәлел Қизатов 1920 жылы 9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Қарағай ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келді. Соғысқа дейін ауыл шаруашылық техникумында оқыған, Петропавлдағы мұғалімдер институтын бітіріп, мектеп меңгерушісі болып қызмет атқарған, Одесса, Қырым, Сталинград, Белорусь майдандарында фашистермен шайқасты. Батыр қалалар Одесса, Керчь, Сталинградты қорғауға, Украина, Белоруссия, Польшаны азат етуге, Германия жеріндегі ұрыстарға қатысты. Днепрді алу кезіндегі көрсеткен ерен ерлігі үшін аға лейтенант Ж.Қизатов КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылдың қаңтар айындағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейін Ж.Қизатов бейбіт еңбекке араласты. Қызылорда облыстық астық өнімдері басқармасының бастығы, облыстық табиғат қорғау қоғамы төралқасының төрағасы, төраға орынбасары болды.

  Ж.Қизатов Арал экологиялық апатын жалпы мемлекеттік деңгейге көтерді, Ауған соғысы және Чернобыль апатына қатысушылардың мүддесін қорғауға белсенділікпен ат салысты. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлді. Екі Жеңіс Парадына қатысты, бірнеше өлең, әңгіме, поэма және повестер жинағының авторы. 1995 жылы 28 сәуірде Ж.Қизатовқа "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді. Қызылорда қаласының көшесіне және №23 орта мектепке батырдың есімі берілген.

Жәлел Қизатов 1999 жылы 26 сәуірде дүние салды.


08 май 2015 г. 17:13
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x