ТӘЖІБАЕВ ӘБДІЛДА

   Әбділда Тәжібаев 1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Интернатта оқып, тәрбиеленген. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдеби курста оқыған. «Лениншіл жас» газетінде редактордың орынбасары, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының төрағасы, хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі қызметтерінде болған.

    Өлеңдері алғаш рет «Сыйлық» атты ұжымдық жинақта 1927 жылы шыққан. Алғашқы жеке жинағы 1932 жылы «Жаңа ырғақтар» деген атпен шықты. Поэзия, драматургия, сын, проза жанрлары саласында еңбек етті. «Аралдар», «Кешеден – бүгінге», «Жартас», «Көне қоңырау» секілді жыр кітаптары, «Өмір мен поэзия», «Ойлар, толғаныстар», «Жаданның хаттары» тәрәздә сын, эссе, проза кітаптары бар.

    1952 жылы Погодинмен бірігіп «Жамбыл» көркем фильмінің сценарийін, 1953 жылы «Гүлденген дала» пьесасын жазған. 1963 жылы пьесалары «Жүректілер» деген атпен жеке кітап болып шықты. Бірнеше дүркін таңдамалы туындылары, шығармаларының екі томдығы, бес томдығы жарық көрген.

   Пушкиннің, Гейненің, Шевченконың бірқатар шығармаларын, біраз орыс кеңес ақындарының өлең-жырларын қазақшаға аударған. «Өмір және поэзия» еңбегімен кандидаттық, «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

   20 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1974 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушы құрметті атағын алған. 1969 жылы 11 ақпанда "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.


08 май 2015 г. 17:45
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: