Әмір Темір ХұсейінӘмір-Темір Хұсейін 1940 жылы Сырдария ауданы А.Тоқмағамбетов ауылында туған. Режиссер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері (2000). 1965 жылы Алматыдағы өнер институтын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1965-1967 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында актер әрі шеберлігі сабағының оқытушы, 1967-1990 жылдары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында актер, режиссер, бас режиссер, 1992-2003 жылдары Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында бас режиссер болып қызмет етті. 2003 жылданҚызылорда драма театрының көркемдік жетекшісі. 20-дан астам рөлде ойнап, 200-ге жуық қойылымды сахнаға шығарды. ҮІ, Х, ХІ, Қазақстан Республикалары театрлары фестивальдарының лауреаты. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен және бірнеше дипломдармен марапатталған. |