KITAPKHANA.KZ
kz ru

Дүйсекеев Кеңес

   Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев — композитор1946 жылы Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор А. В. Бычковтың композиция класы бойынша бітірген. Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж.). Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж.). 1974-1976 жылдары "Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен "Тамаша”, "Халық — талант қайнары”, "Шабыт”, "Жастарға арналған музыкалық кештер”, "Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан "Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – "Толғау” симфониясының (1984), "Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), "О, дүние” кантатасының (1997), "Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), "Мәди”, "Аққу Жібек” мюзиклінің, "Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерінР. РымбаеваН. ЕсқалиеваМ. ЖүнісоваА. МейірбековН. ӨнербаевМ. Дәулетбақова т.б. әншілер орындап жүр.

29 май 2015 г. 15:54
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x