KITAPKHANA.KZ
kz ru

Ерәлиева Мәдина

   Ерәлиева Мәдина Есмалайқызы 1954 жылы 2 тамызда Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Қызылорда педагогикалық училищесінің музыка бөлімін, 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген. 1978-1984 жылдары Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облыстық филармониясының жетекші әншісі болды. 1990 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын алды. Нәзік те сыршыл үн, өзіндік мәнерімен халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оның орындауындағы «Айқаракөз», «Ақбаян», «Жылқы ішінде қара жүр» т. б. көптеген халық әндері мен қазіргі қазақ композиторларының әндері өзіндік нақыш –бояуымен халық жадында қалды. Мәдина Ерәлиева 2000 жылы 27 қарашада туған топырағы Қазалы өңірінде дүниеден озды. Қызылорда қаласында әншінің атында Мәдениет үйі бар.


29 май 2015 г. 16:02
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: