KITAPKHANA.KZ
kz ru

Рамазан Тайманов

   Тайманов Рамазан Сағындықұлы 1954 жылы 23 мамырда Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген. Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищені (1989), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (2003) бітірген. Тереңөзек кентіндегі кәсіптік-техникалық училищеде «Гүлдерайым» ансамблін құрып, облыстық, аудандық байқауларға қатысып жүлделі орындар алған. 1990-19 97 жылдары Сырдария аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істеген. Р.Таймановтың 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты шыққан «Қазақ қызы» әнімен республикаға танымал болды. 1996 жылы Эстонияда өткен дүниежүзілік балалар шығармашылығы фестивалінде оның «Қызылорда жастарының әні» таңдаулы деп бағаланып, «Алтын қорға» жазылып алынды. 1997 жылы «Айналайын» фестивалінің гимні болып Р.Таймановтың «Айналайын» әні таңдалған. 1999, 2000 жылдары Республикалық «Жас қанат» байқауы мен «Азия даусы» фестивалінде «Қазағым-ай», «Қорқыт-қобыз» әндері 1-ші орын алып, Р.Тайманов «Ең үздік композитор» атағын иеленді. Белгілі әншілердің орындауындағы «Қазақ қызы», «Қазағым-ай», «Боздақтар», «Сыңсу», «Махаббат мұңы», «Махаббат көктемі», «Сен мені іздеді деп кінәлама» әндері республика жұртшылығына кеңінен таныс. 1998 жылы облыс әкімінің степендиаты, 2001 жылы «Шапағат» медалімен марапатталды. 2000 жылы Р.Таймановтың жинақтауымен және өңдеуімен Сыр елі өнерпаздарының орындауындағы «Сыр әуендері» компакт-дискі дайындалды. 2005 жылы оның әр жылдардағы 20 әні енген компакт-дискісі, 2009 жылы «Жанымның жарты қобызы» атты компакт-дискісі жарық көрді. Сазгер 2010 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», 2012 жылы «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды. Қазіргі таңда Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюссерлік орталығы мекемесінде қызмет жасайды.


01 июнь 2015 г. 10:23
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x