ҚР
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім» атты облыстық жас
ақындар интернет - байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
• ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тірегім,
Қазақстан-жүрегім» атты жас ақындар арасында облыстық интернет -байқау өткізіледі.
• Байқауды ұйымдастырушылар: Ә.Тәжібаев
атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
• Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында
өткізіледі.
2. Байқаудың мақсаттары
мен міндеттері
• ҚР
Тәуелсіздік алған 25 жылдағы еліміздің
жетістіктерін жырлау;
• жастардың бойында отаншылдық сезім қалыптастыру, еліміздің негізгі тарихи құндылықтарына өзінің
ортақ екендігін сезінуге көмектесу, Тәуелсіз бейбіт елдің қадір-қасиетін
ұғындыру;
• жастар арасында ақындық өнерді насихаттау, ақындық деңгейін биіктету;
• жастардың шығармашылық қабілеттерін, көркемдік-эстетикалық дүниетанымын ашу,
дамыту және қолдау;
• жастарды тарих туралы кітаптарды оқуға тарту арқылы Отанға деген
сүйіспеншілік сезімдерін ояту, өз елінің
жетістіктерін мақтан етуге тәрбиелеу;
• жастардың бос уақытын тиімді өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру, өнерлі, шығармашыл жастардың білімін көтеру, қоғамда белсенділігін арттыру.
3. Байқауды ұйымдастыру
және өткізу тәртібі, мерзімі
• 2016 жылдың 1 мен 31 қазан аралығында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында байқау
жұмыстары қабылданады.
• Ақындар
интернет – байқауға шығарған өлеңдерін әлеуметтік желілерге 2016 жылдың 1 мен 31 қазан аралығында
салулары тиіс.
• 1-14 қараша айы аралығында қазылар алқасының сараптау жұмысы, жеңімпаздарды
марапаттау рәсімі жүргізіледі.
• Байқаудың қорытындысы желтоқсан айында шығарылады.
4. Байқаудың шарттары
• Байқауға Қызылорда облысында тұратын 16-25 жас аралығындағы жастар қатыса
алады;
• Байқауға А4 форматтағы Times New Roman
14 шрифтімен және қара түспен терілген өлеңдер тапсырылу қажет;
• Байқау тақырыбынан ауытқымау
ескертіледі;
• Автордың өлең арқылы өз ойын жеткізе
білуі және көркемдік жағынан әсерлі болуы, ұйқасының ұтымдылығы бағаланады;
• Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын
ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі.
Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана облыстық байқаудың қорытынды кешіне шақырту
алып, марапаттау салтанатына қатыса алады. Марапаттау кешінде жүлделі орындарға
және ынталандыру орындарына ие болған өлең авторлары өз шығармаларын мәнерлеп жатқа
оқуларына мүмкіндік алады.
5. Өтініштерді рәсімдеуге қойылатын талаптар және
қабылдау
• Толтырылған
өтініште байқауға қатысушының аты-жөні, туған жылы,
фотосуреті, оқу орнының толық атауы, курсы, жұмыс
орны, мекен-жайы, телефон нөмірі көрсетілуі тиіс;
• Қатысушы өзі жазған өлеңінің басына тақырыбын және өзінің аты-жөнін толық көрсетуі қажет;
• Өлеңдер мен өтініштер 2016 жылдың қазан айының 31-не дейін Ә.Тәжібаев
атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қабылданады немесе әлеуметтік
желілерге салынады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев
даңғылы,
Құрылыс 53 Д.
Тел. 23-14-16
Кітапхана сайты: www.kitaphana .kz.
Электронды пошта: ounb_ kzlorda@mail.ru.
6. Байқауды қорытындылау
• Қазылар алқасы жабық қорытындылау үрдісін
жүргізеді.
• Қорытындылауға қатысушылар
қатыстырылмайды.
• Байқауға тапсырылған жұмыстар
қайтарылмайды және оған ой-пікір айтылмайды.
• Байқаудың қорытындысы бойынша I, II,
III және жүлделі орындар тағайындалады.
• Жеңімпаздар арнайы Алғыс хаттармен
және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
7.Жеңімпаздарды марапаттау
• Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Ә.Тәжібаев
атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында
2016 жылдың 14- қараша күні сағат 11.00-де өтеді.
• Байқаудың жеңімпаздары туралы
хабарлама кітапхана сайтында www. kitaphana
.kz. және БАҚ-да жарияланады.