«Сырдың дара тұлғасы»

   А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың 80 жылдығына орай өткізіліп жатқан конференция аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Сырдың дара тұлғасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінің  «Ұшқан Ұя», «Қызмет баспалдақтары», «Білікті басшы, қарымды қаламгер», «Ардагерлер – ардақтысы елімнің», «Ағаның ақ батасы,  «Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы» деп аталатын бөлімдері қайраткердің өскен ортасы мен өмірдеректері, қатардағы қарапайым қызметкерден танымал мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін көтерілген болмысы, Сыр елінің өркендеуіне қосқан үлесі, оның ішінде  ардагерлер кеңесін басқарған жылдары ұйымның атқарған ауқымды істері мен жетістіктері жайлы кітаптар мен баспасөз бетінде жарияланған материалдар көпшілік назарына ұсынылды.

  Сейілбек Шаухаманұлы Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Ол шығармашылықпен айналысып, қалам қарымының да қуатты екендігін танытты. Автордың баспадан «Ер қанаты», «Алтын алма, ақыл ал», «Иесі кім бұл елдің, киесі кім бұл жердің», «Мұхтар Әуезовтің текаталары туралы: Ұрпақтардың ұлы үндестігі», «Ақ бата», «Қайраткер», «Қазақ ел болам десе...», «Парыз бен парасат»,  «Қызылорданың ақылдылары мен айтқыштары» атты еңбектері жарық көрген.





 
24 декабрь 2019 г. 13:28
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: