«Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар»

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2020 жылдың 22 қаңтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен жарық көрген жаңа кітаптардың тұсаукесері аясында «Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар»атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

      Көрменің мақсаты - аймақтағы киелі орындардың тарихымен таныстыру, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен сақтауға үйрету, оларды насихаттау, әрбір азаматттың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту, мәдени мұраларға қамқорлық жасау.

     Ұлт тарихы – өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтарды құрайтын болсақ, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы. Көрмеге  Сыр бойындағы көне қалалар мен архитектуралық ескерткіштер,  Сыр өңірінің қасиетті киелі орындары  мен кесенелер жайлы, әсіресе түркі әлеміндегі ірі тұлға болып табылатын Қорқыт ата жайлы кітаптар мен   өлкемізден шыққан дүлдүл ақын-жырауларымыздың шығармалары қойылды. Көрмеге жалпы саны 70 кітап,  16 баспасөз мақалалары мен фотосуреттер қойылды. Көрмені зиялы қауым өкілдері, оқытушылар,мұражай қызметкерлері мен студенттер тамашалады.



 
22 январь 2020 г. 19:53
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: