KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Рәміздер – тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесі

      2020 жылдың 3 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер – тәуелсіздік тұмары» атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылды. 1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз - ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап, қазақстандықтар бұл күнді мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады. Көрменің мақсаты – жастарға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақтың ата заңдары» құжаттар, деректер, және зерттеулер 10 томдық, Ж.Мәлібекұлының «Қазақстан Елтаңбасы. Герб Казахстана. State Emblem of Kazakһstan», С.Трофимованың «Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері тәуелсіздік нышандары», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б. мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді баспасөз беттерінен алынған  мақалалар қойылды.



 
03 июнь 2020 г. 16:42
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x