«Қорқыт ата мұрасы – түркі руханиятының темірқазығы» kітап көрмесі

      2021 жылдың 18 қаңтарында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Түркі әлемінің генезисі» жобасы аясында «Қорқыт ата мұрасы – түркі руханиятының темірқазығы» атты кең көлемде тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
     Қорқыт түркі әлемінен шыққан ғұлама ойшылдардың бірі. Оның артында қалған рухани мұрасы, сонымен бірге оның есіміне қатысты түрлі аңыз- әңгімелер тек түркі халықтарының ғана емес, күллі адамзат баласының болашағына қызмет ететін рухани асыл мұра деп есептеуге болады.Кітап көрмесі 5 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда: «Қорқыт түрік әлеміне ортақ мұра», «Қорқыт ата туралы қазақ аңыздары», «Қорқыт атаның даналық сөздері», «Әлем ғалымдары Қорқыт ата туралы», «Қорқыт біздің жүрегімізде». Кітап  көрмесінде кемеңгердің өмір жолы, аңыздарынан сыр шертетін ғалым-жазушылардың зерттеулері мен еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Көрме тұрақты түрде жұмыс істейді. Осы арқылы оқырмандарды Қорқыт атаның бай мұрасымен тереңірек таныстыру көзделген.


 
18 январь 2021 г. 11:38
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: