KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Масленица» - «Құймақ» мерекесі

      Ә.Тәжібаев    атындағы облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі 20 ақпан күні  «Масленица» -  «Құймақ»  фольклорлық мерекесін өткізді .

      Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы мерекесіне арналған. Масленица – Ұлы ораза алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке.

      Масленица – бір күндік мереке емес, бүкіл апта бойына жалғасады, осыдан келіп Ұлы ораза алдындағы «соңғы жетілік» атауы шыққан. Жалпы масленица аптасының әр күнінің өз атауы болған: дүйсенбі – «кездесу», сейсенбі – «ойынның қызығы», сәрсенбі – «тәтті тамақ», бейсенбі – «серуен, қыдыру», жұма – «қайынене үйіндегі кеш», сенбі – «қайынапа отауындағы отырыс», және ең ақырында, «кешірімді жексенбі» деп аталатын, масленица бітетін жетінші күн, бұл күні араздасқан адамдар бір-бірінен кешірім сұрасады, Ұлы ораза алдында рухтарын тазартады

      «Масленица» - «Құймақ»   фольклорлық    мерекесіне «Славяне»  қоғамдық-мәдени орталығы өкілдері, №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп және мектеп мектеп жанындағы «Шаңырақ» клубы, №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің, №23 Ж.Қизатов атындағы, №264 мектеп-лицейдің оқушылары және «Олимп» балалардың бос уақытын өткізу орталығының бүлдіршіндері қатысты. Масленицада қатысушылар би билеп, ән салып, түрлі спорттық ойындар ойнады. «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Сергеевна Щербакова және кітапхана басшысы Мырзамұратова Нұржамал Ахметқалиқызы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады. «Славаяне» қоғамдық-мәдени орталығының өкілдері частушкалар айтып, би биледі.

      Мерекеге қатысушылар дәстүрлі дастархан мәзірінен дәм татып, мерекелік шараны тамашалады.  «Широкая масленица» атты орыс салт-дәстүрлеріне арналған кең көлемді суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 


20 февраль 2015 г. 16:39
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x