26 қаңтар күні облыстық кітапханада көрнекті жазушы, ақын Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Жарқ еткен сәуле ғұмыр» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты - оқырмандарды қазақ әдебиетінде дарын даралығымен, өзіндік стиль ерекшелігімен көріне білген жазушы С.Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Кешке Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Бауыржанқызы, С.Мейрамбекқызы және №176 орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кеш қонақтары жазушының әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірлері туралы баяндап, оқырмандар арнау өлеңдерін оқыды.
Оқырмандар назарына «Мәңгілік жастық жыршысы» атты кітап көрмесі ұсынылды.