21 ақпан күні «Арулар әлемі» жобасы аясында қолөнер бұйымдарын жасаудан «Қолөнер - зор өнер» атты шығармашылық алаң ұйымдастырылды. Шараның мақсаты-жастарға халқымыздың салт-дәстүрінің бірі – қолөнерін жете таныстыру, еңбекке баулу және әдемілік пен мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Шараны қаламыздағы оқушылар мен жасөспірімдер үйі жанынан құрылған «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Алпысбаева Айгүл, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің көркем еңбек мұғалімі Бегімбаева Мархабат және №101 мектеп-лицейі көркем еңбек пәні мұғалімі Жорықбаева Гүлбарам
жүргізді.
Шығармашылық алаң барысында қатысушылар шара қонақтары көрсеткен кесте тігу, кестелеп картиналар жасау және түрлі-түсті ленталардан гүл букеттерін дайындауды ерекше қызығушылықпен үйренді.