Облыстық кітапханада «16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған «Салт-дәстүр – ұлттың айнасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты – халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен наным-сенімін, төл мәдениетіміздің ұлттық ұстанымын насихаттау. Асыл қазынамызды қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына сіңіру.Кітап көрмесіне өнеріміз бен мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арнаған әдебиеттер мен мерзімді баспа басылымдары қойылды.