10 мамыр күні облыстық кітапханада оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Бала және оның құқығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары , №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ермағанбетов және оқушылар қатысты.
Шара барысында құқық туралы жалпы түсінік беріліп, оқырмандардың сұранысына сай қажетті сұрақтар талқыланып, керекті ақпараттар ой талқыға түсті. Полиция капитаны Р.Арынгазиева, полиция аға лейтенанты А.Үсенова оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңесін ұсынды.
Сонымен қатар «Құқықтык сауаттылық – уақыт талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорында сақталған, аталған тақырып аясындағы әдебиеттер, газет-журналдар, мақалалар оқырмандар назарына ұсынылды.