24 қазан күні облыстық кітапханада Республика күніне орай «Мәңгі жаса, қыран елім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл күн еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.
Кітап көрмесінің мақсаты – қайта жаңғырған ұлттық мерекенің құндылығын оқырмандарға жеткізу, тұтас ұлтымыздың дербес дамуға деген ұмтылысын паш ету. «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы, Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ» атты бөлімдерден құрылған кітап көрмесіне егемендік алған кезеңнен бері қарай еліміздің жүріп өткен жолын баяндайтын әдебиеттер қойылды.