16 қазан күні облыстық кітапханада «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты оқушыларды бейнелеу өнері арқылы кітап оқуға қызығушылығын арттыру және дарынды жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу.
Шараға қатысушылар қоғамда болып жатырған зорлық-зомбылық, буллинг туралы айшықты ойларын қағаз бетіне түсірді.
Шара соңында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, нәтижесінде бас жүлдені І.Қабылов атындағы № 12 IT мектеп-лицейінің оқушысы Н.Абуалиева жеңіп алды. Ал I орынды І.Қабылов атындағы № 12 IT мектеп-лицейінің оқушысы Д.Алайдар иеленсе, II орын І.Қабылов атындағы №12 IT мектеп-лицейінің оқушысы І.Балғабай, Т.Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейінің оқушысы И.Жұмаханова, Б.Момынбаев атындағы №278 мектеп-лицейінің оқушысы С.Сертаева, III орын Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің оқушысы А.Жомарт, Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің оқушысы А.Жақсылық, «Байтерек School» мектебінің оқушысы К.Сәбитке бұйырды. Байқауға қатысушы өзге де оқушылар түрлі номинациялармен марапатталды.