15 қазан күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстық белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жыр өлкесінің жампоздары» атты жыр кешін өткізді. Жыр кеші Алашқа аты әйгілі Сүгір жыраудың туғанына 130 жыл, ақын Қарасақал Көлдейбекұлының туғанына 180 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа жыраулық өнерді жақын таныстырып, сүлейлер есімдерін дәріптеу. Сүлейлер арасында шоқтығы биік шайырлардың өмірі мен шығармаларын насихаттау.
Танымал шығармаларды келешегінен үміт күттіретін дәстүрлі өнерімізді жалғастырып жүрген жас өнерпаздар: Айтыскер ақын Орынбасаров Бексұлтан мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің студенттері орындады.
Шара барысында қатысушылар назарына кітап көрмесі ұсынылды.