2 қазан күні облыстық кітапханада жас буынның интеллектуалды білімін арттыру, дүниетанымын кеңейту мақсатында «Әлемде талай қызық бар» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Шараға қаламыздағы М.Шоқайдың атындағы №187 мектеп - лицейінің оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар әлемнің жеті кереметімен, ең әдемі сәулет өнерімен, ғаламның сырлы құпияларымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында оқушыларға «Әлемде талай қызық бар» кітап көрмесі таныстырылды.