25 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Еңбек мерекесі – елдің берекесі» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты - еңбек адамына құрметті арттыру, адал еңбекке тәрбиелеу, әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарын насихаттау, жастарға үлгі ету.
Шараға сауда саласының ардагері - А.Сатлабаев, білім саласының ардагері–О.Тыныбекова, ішкі істер органының ардагері – А.Асқаров, кітапхана саласының ардагері Ж.Әлиева және «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері қатысты. Оқырмандар өңіріміздің дамуы мен өркендеуіне адал еңбек етіп, халық ішінде ерен еңбегімен абыройлы болған еңбек ардагерлерінің батасын алып, сүбелі әңгімелерін тыңдады.
Оқырмандар назарына «Еңбек адамы-ел мақтанышы» атты кітап көрмесі ұсынылды.