13 қыркүйек күні діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Жат ағым желіде жетектемесін» тақырыбында Қызылорда облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Шараға «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» әкімшілік бөлімінің маманы Бектас Дамир Мұратұлы, сондай-ақ, осы орталықтың діни психологиялық кеңес беру және оңалту бөлімінің басшысы, теолог Ерубай Асхат Рустамұлы, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Демесбай Талғат Маратұлы қатысты.
Қазақстан Республикасы аумағында экстремистік және террористік деп танылған діни ағым идеологиясының жетегіне еріп, шетел асып кеткен талай отандастарымыздың тартқан тауқыметі жайында сөз қозғап, жастарды сақ болуға үндеді. Сондай-ақ адамгершілік қағидаларына негізделген дін мен қазақи ата-дәстүр сабақтастығы түсіндіріліп, мамандардың арнайы дайындаған бейнесюжеті көрсетілді.
Шара соңында «Діни ағымдардың зияны мен зардабы» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.