KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Тіл-мемлекет тірегі» кітап көрмесі

         Қызылорда Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Достық үйінде  5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілі бірдің – тілегі бір» атты салтанатты шара аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Тіл-мемлекет тірегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
         Көрменің мақсаты қазақ тіл біліміне және әдебиеттануына зор үлесін қосқан, қазақ әліпбиінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының тілтану саласындағы құнды мұраларын насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, тіл байлығын игеруге, ана тілімізді қастерлеуге, өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсетуге ықпал ету.
        «Қазақ тілінің тарихы», «Тіл саясаты - мемлекеттік саясат», «Қазақ тілінің мәдениеті», «Тіл тағдыры-ұлт тағдыры» атты бөлімдерден  тұратын көрмеге   қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі мәселелеріне, түркі және әлемдік тілдер тарихын зерттеуге арналған еңбектері, көне түркі жазба ескерткіштерінің, қазақ графикасының, әліппесінің тарихы, Қазақстан Республикасының  тіл саясаты, Қазақстанды мекендейтін ұлттардың тілдері туралы  кітаптар,  тілдерді үйрену мен оқытуға арналған оқулықтар, қазақ тілінің тарихынан қазіргі уақытқа дейінгі зерттелуі, дамуы жайында баяндайтын кітаптар ұсынылды.
05 сентябрь 2024 г. 17:45
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x