Облыстық кітапханада 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғыры: тарих, тұлға, тағылым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді арттыру, ел тарихын насихаттау.Көрме халқымыздың азаттық жолындағы күресі мен ел тарихының маңызды кезеңдерін еске алуға, сондай-ақ егемендіктің 33 жылында жеткен жетістіктерімізді насихаттауға арналған. Көрме үш бөлімнен тұрады. «Тәуелсіздік азаттығы елімнің» бөлімінде Тәуелсіздікке жету жолындағы қилы кезеңдер баяндалатын кітаптар мен құжаттар қойылса, «Тұғыры биік тәуелсіздік» бөлімінде 1986 жылғы көтерілістің шығу себебі, Тәуелсіздік үшін күрескен ел ағалары мен зиялылардың өмірі жайлы еңбектер қойылды. «Тәуелсіздік – тұмарым» атты бөлімде Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени жетістіктері баяндалатын әдебиеттер, тарихи зерттеулер мен құнды деректер қамтылған 100-ден астам кітап пен мерзімді басылымдар оқырман назарына ұсынылды.