KITAPKHANA.KZ
kz ru

Жемқорлық

    Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы қазіргі қоғамдағы қалыптасқан адамгершілік – саясат ұғымына қауіп төндіріп отырған әлеуметтік көрініс - жемқорлық жайлы дебат өткізді. Бұл глобальды проблеманы талдауға «Болашақ» университетінің медицина колледжінің студенттері қатысты. Эксперт ролінде сөйлегендер: «Болашақ» университетінің колледж оқытушысы Б.Каримқызы, «Өркениет» колледжінің оқытушысы А.Мырзахметова және «Болашақ» колледжінің студенті А.Дауренбаева. Әрбір дебатқа қатысушы өзінің жемқорлыққа қарсы жеке көзқарасын білдірді. Қызу дискуссиядан кейін оппоненттер бұл проблеманың дәл бүгінгі кезде өте актуальды екенін мойындады. Жемқорлық біздің өміріміздің барлық саласына кіріп алды деуге болады. Жемқорлық біздің мемлекетіміздің өркендеуіне, экономикалық жағынан өсуіне, саяси бірқалыптығына қауіп төндіріп тұрған факторға айналды. Қолдағы билікті бас пайда үшін пайдалану, қызмет бабын теріс пайдалану, пара алу – осылардың бәрі келіп қоғамның азаматтық, адамгершілік түсінігіне - түйсігіне кері әсерін тигізеді, өйткені біздің қоғам заң мен ақиқатқа сеніп келген. Қазіргі кезде заңды қайта қарастыру, сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату көзделіп отыр. Сыбайлас жемқорлықты заңға сүйену жеткіліксіз.

    Күрес жан – жақты, кешенді және ұдайы жүргізілгенде ғана және оған билік те, қоғам да ат салысса ғана ойдағыдай нәтиже береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама елдің саяси басшылығының ең жоғарғы деңгейінде және азаматтық қоғам институттарымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылуға тиіс.

 

27 февраль 2015 г. 12:51
0 просмотров
Комментарии
1
Акбота 2 марта 2015 15:16
Іс-шара өте қызықты өткен. Маған ұнады
Цитировать         

комментариев публикаций
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x