KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Жібек ленталардан гүлдер жасау» шеберлік сабағы

12 наурыз күні кітапханада жастарға  халқымыздың салт-дәстүрінің бірі – қолөнерін жете таныстыру,  еңбекке баулу және әдемілік пен мәдениеттілікке  тәрбиелеу мақсатында  «Жібек ленталардан гүлдер жасау» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағын  «Этюд» кескіндеме және дизайн  арт-студиясының жетекшісі жүргізді. Оқушыларға әр түрлі композицияларды жасау үшін түстердің үйлесімділік заңдылықтарын білу қажеттігін ескере отырып, жібек ленталардан түрлі гүлдердің жасалу техникасын көрсетті.
Шараға №7 мектеп-интернат оқушылары қатысып,  студия жетекшісінің көрсеткен техникасымен гүл букеттерін  ерекше  қызығушылықпен үйренді.
12 март 2025 г. 18:41
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x