ХХІ ғасыр көшбасшысы

Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекелерін атап өту жалғасуда.

Балалар әдебиеті бөлімі 9 желтоқсан күні «Кітаптар қалашығы шақырады» атты ашық есік күнін ұйымдастырды. Балалар кітапхана бөлімдеріне және «Тәуелсіздік» залына саяхат жасап, «Кітаппен бірге өсеміз», «Қазақстан – менің Отаным» атты кітап көрмелерімен танысты. «Білімді мыңды жығар» айдарымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды тапқырлар сайысын өткізді. Шараға №187 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектептің 6 «ә» және 6 «а» сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың білімділігін, тапқырлығын жан-жақтылығын бағдарлай отырып, білімдерін тереңдету, ойын тез жүйелеуге, шапшаңдыққа дағдыландыру. Сайыс «Бәйге», «Дода», «Жорға» кезеңдерінен тұрды. Шара қызықты және тартысты өтті.



09 декабрь 2014 г. 11:02
36 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: