Кітап марафоны жалғасуда

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы балалар әдебиеті бөлімі кітапханашыларының ұйымдастыруымен жыл кітабы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша кітап марафоны қаланың №10,23,136, 187 мектептерінде 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

   22 мамыр күні кітап марафоны облыстық кітапханада жалғасын тапты. Марафонға №144 С.Әлжіков атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары белсене қатысты. КітапханашыҰлы Отан соғысына қатысқан майдангер, танымал жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Көшпенділер» трилогиясындағы жарқын тарихи тұлғаларға, қазақ хандығы мен казақ мемлекетінің бес ғасырлық тарихи беттеріне талдау жасады. Шара барысында шағын корініс, І.Есенберлиннің шығармашылығына арналған слайд, бейне-ролик, «Көшпенділер» кинофильмінен үзінді көрсетілді.

    Шара соңында қатысушылар «Тарих дөңгелегі» атты викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітап марафонына №6, №7, №144, №235орта мектептердің 7-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Залда І. Есенберлиннің шығармалары және Қазақ мемлекетінің құрылу тарихына арналған кітаптар қойылған «Көшпелі өркениеттің білгірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 



22 май 2015 г. 17:20
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: