KITAPKHANA.KZ
kz ru

Өнер – сарқылмас қазына

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың өнер бөлімі Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне арнайы барып «Өнер – сарқылмас қазына» атты көрме-диалог ұйымдастырды. Оның мақсаты – кітап қорындағы Қазақстан өнері тақырыбына жазылған әдебиеттер арқылы ұлттық өнеріміз тарихының, мәдениетінің тамыры тереңде жатқандығын, қазақтың тұлғалы өнер шеберлерінің әлемдік өркениетте алатын орнын насихаттау, кітап қорына түскен жаңа кітаптармен таныстыру.
    Егемендік алып, бүкіл әлем таныған мемлекетке айналған Қазақстан өзінің атақты өнер шеберлерімен, рухани бай мәдениетімен мақтана алатын ел. Интернат үйі тұрғындарымен тікелей жүздесіп, тілдесу арқылы олардың назарына өнердің барлық саласы – музыка, би, сәулет, театр, кино, қолөнер туралы жазылған кітаптар, альбомдар ұсынылды. Нәтижесінде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар Қазақстан өнерінің мәні мен ролі туралы, сондай-ақ халқымыздың әлем таныған өнер жұлдыздары Ш.Айманов, А,Әшімов,Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Өмірзақова, Р.Бағлановалардың т.б.өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты мол мағлұмат алды.

Өнер – сарқылмас қазына

Өнер – сарқылмас қазына

Өнер – сарқылмас қазына

 


 


 




 


 


 



10 июнь 2015 г. 17:46
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: