KITAPKHANA.KZ
kz ru

Кеңес Одағының батырлары


 

АРТЕМОВ ПЕТР МИХАЙЛОВИЧ

(1919-1991)

 


Архангельск облысының Каргаполов ауданында туган. 1919 жылы туган. 1941 жылы Одесса жаяу әскерлер училищесінде курсант болып жүрген кезінде армияга шақырылады.

П.Артемов 1944 жылдың шілде айында атқыштар батальонының құрамында Ковель қаласының батыс жағындағы бекіністі бұзып өтуге қатысты. Батальонға Батыс Буг өзенінен өтіп, белгіленген алқапты дивизияның негізгі күші келгенше ұстап тұруға тапсырма берілді. Батальон жедел алга ұмтылып, Батыс Буг өзені төңірегін басып алып, жаудың 85 солдаты мен офицерін тұтқынға алды, содан кейін ешқандай кедергісіз Батыс Буг өзенінен өтеді де, Забережное қыстағын дивизияның негізгі күші келгенше ұстап тұрады.

Соғыстағы батырлығы мен ерлігі үшін 1945 жылдың 24 наурызы күні КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен батальон командирі капитан Петр Михайлович Артемовке Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Соғыстан кейін 1952 жылы Артемов М.Ф. Фрунзе атындағы әскери академияны оқып бітіреді. 1954 жылы запасқа шыққан полковник Қызылорда қаласында тұрды, №45 техникалық училищеде әскер ісі пәнінен сабақ берді. П.Артемов 1991 жылы 72 жасында қайтыс болды.


                                        


 

                                         

 

ӘБДІҚАДЫРОВ КӘКІМ

(1920-1978)

 

 

Әбдіқадыров Кәкім 1920 жылы Сырдария ауданындағы №14 разъезде дүниеге келген. 2-дүниежүзілік соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. Ленинград майданы құрамында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласын қорғауда 2 рет ауыр жарақат алған. Соғысты Прага қаласында аяқтаған. Бірнеше медальдармен, жауынгерлік «Даңқ»  орденінің үш дәрежесімен марапатталған, 4 рет Жоғары Бас қолбасшыдан алғыс алған. Соғыстан кейін халық шаруашылығында еңбек еткен. 1978 жылы 1 қарашада қайтыс болған.

 

 

 

 

 

 


ӘБУТӘЛІПОВ ӘНУАР

(1923-2002)

 

1923 жылы 7 желтоқсанда Жаңақорған ауданының "Талап" ауылында дүниеге келді. 1942 жылгы қазан айында 19 жасында майданға аттанды. 1943 жылы ақпанда ол тұңғыш рет ұрысқа кірді, 53-армияның Звенигород әуе-десанты дивизиясының 13-гвардиялық атқыштар полкінің станокті пулемет расчетінің командирі болды. 1944 жылдың қазанында Дебрецен операциясына қатысып Тисса өзенінен өту кезінде ерекше батылдық көрсетіп, көзге түсті. Ержүрек жауынгер өзеннің екі жағалауына 47 рет қатынап, жауынгерлерді, оқ-дәрі, байланыс заттарын өзеннен өткізеді, ұйқысыз дем алмай тәуліктен астам уақыт жұмыс істейді. Өз пулеметінен оқ жаудырып 18 жауды жайратты, жаудың 3 "тигрын" от-жалынға орады.

Осындай ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Әнуар Әбутәліповке Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

Жеңіспен елге оралған Ә.Әбутәліпов Жаңақорған ауданындағы "Түгіскен" кеңшарында еңбек етті. 2 рет Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ақын Адырбек Сопыбеков батырдың ерлігі жайлы "Жүрек жұтқан" атты дастан жазды.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылындағы №209 орта мектепке батырдың есімі берілген.


 

                                              

БАЛМАҒАНБЕТОВ МАҚАШ

(1914-1977)

 1914 жылы Қазалы ауданындағы №17 ауылда дүниеге келген. Ол 1932-1938 жылдары колхозда есепші, кіші техник болып істеп, 1943 жылдың наурыз айында майданға аттанған. Құрамында сержант Балмағанбетов бар рота 1943 жылдың 25 қыркүйегінде Днепр өзенінің жағасындағы шайқаста 20 фашисті жойып, рота келгенше өз бекіністерінен табан аудармады.

Ерлігі мен батылдығы, жанқиярлығы үшін Мақаш Балмағанбетовке 1944 жылдың 22 ақпанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мақаш Балмағанбетов соғыстан кейін Қарақалпақстанға қоныс аударып, Нүкіс қаласында тұрды. Бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегі үшін Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1977 жылы 29 қыркүйекте қайтыс болды.

 

  

 

 

 

 

ЖУРБА ИВАН МАКАРОВИЧ

                                                               (1915-1962)

 

Журба Қостанай облысының Каменнобелоярское қыстағында 1915 жылы 13 қыркүйекте дүниеге келген. 1922 жылы әке-шешесімен бірге Қызылордаға көшіп келеді, балалық шағын осында өткізеді. 1931 жылы мектепті мақтау грамотасымен бітіріп, кейін жол қатынасы техникумын, одан соң 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтының тарих факультетін үздік бітіреді. Соғыс басталар алдында Андижан қаласындағы әскери комиссариатынан 1941 жылы шақырылып, майданға жіберілген.

Кіші лейтенант И.М.Журба неміс басқыншыларына қарсы соғыста ерекше ерлік пен батылдық, тапқырлық танытты.

Иван Макаровичтің жауынгерлері Киев-Житомир тас жолын басып алды, Юрьевка қыстағы үшін ұрыста ол алты жауынгермен дұшпанның жүк автокөліктерін талқандап, жүзден астам фашистің көзін жойды, Трилис қыстағында өздерінен төрт есе көп солдаты бар фашистік бөлімшенің тас-талқанын шығарды.

И.М.Журбаға осындай жауынгерлік ерлігі үшін КСРО Жогарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 3 маусымдағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін И.М.Журба Қызылорда қаласында жұмыс істеді. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталады. Журба 1962 жылы 12 шілдеде 47 жасында қайтыс болды. Қызылорданың үлкен көшелерінің бірі батыр атымен аталады.

 

 

                                                  КОВТУНОВ ГЕОРГИЙ НИКИТОВИЧ

                                                              (1918-1987)

 

1918 жылдың 26 мамырында Средне Волжск өлкесінің Ореховка қыстағында туған. Ата-анасымен бірге Шиеліге көшіп келіп, орта мектепті осы жерде бітіреді. 1936 жылы Ташкенттегі әскери училищеге түседі, 1938 жылы Тбилиси қаласындағы артиллериялық факультетке ауысады.

Артиллерия дивизионының командирі Витебск облысындағы Сиротино-Орехово ауданында жаудың мықты бекініс шебін талқандауда батылдық пен тамаша ерлік танытты. Соғыс кезіндегі ерліктері үшін Г.Ковтунов жауынгерлік Қызыл Ту, Бірінші дәрежелі Александр Невский ордендерімен, "Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталды.

Г.Н. Ковтунов Батыс Двина өзенінен өту кезіндегі жанқиярлық батырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейін генерал-лейтанант Г.Н. Ковтунов Москва қаласында қызмет атқарды. 1978 жылы 21 наурызда Г.Н.Ковтуновқа "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

 

 

 

                                                 КӨМЕКБАЕВ ТӘЙІМБЕТ

  (1903-1987)

 

1903 жылы Қармақшы ауданындағы №10 ауылда туған. Ауылдағы мектепті бітіріп, қоймада көмірші болып жұмыс істеген.

1942 жылы Қызыл Армияның қатарына алынып, барлаушылар бөлімінің командирі болды.

1945 жылдың 6 қаңтарында Т.Көмекбаев алғашқылардың бірі болып, Одер өзенінен өтіп, оның батыс жағалауындағы Энхиринд елді мекені маңындағы плацдармды ұстап тұрды. Осы жылдың 8 ақпанында Ванзен қаласы үшін болған ұрыста Т.Көмекбаев жаудың жеті рет жасаған шабуылына тойтарыс берді.

Ұрыста көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін Тәйімбет Көмекбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10 көкектегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Т.Көмекбаев I Украин майданы өкілдерінің құрамында Москвадағы Қызыл алаңда болған Жеңіс парадына қатысты. Соғыстан кейін ауыл шаруашылығында еңбек етті.

1987 жылы 13 ақпанда қайтыс болды. Қазір Батырдың туған ауылы оның есімімен аталады.

 

 

                                                     ҚИЗАТОВ ЖӘЛЕЛ ҚИЗАТҰЛЫ

     (1920-1999) 

 

Жәлел Қизатов 1920 жылы 9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Қарағай ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келді. Соғысқа дейін ауыл шаруашылық техникумында оқыған, Петропавлдағы мұғалімдер институтын бітіріп, мектеп меңгерушісі болып қызмет атқарған,

Одесса, Қырым, Сталинград, Белорусь майдандарында фашистермен шайқасты. Батыр қалалар Одесса, Керчь, Сталинградты қорғауға, Украина, Белоруссия, Польшаны азат етуге, Германия жеріндегі ұрыстарға қатысты. Днепрді алу кезіндегі көрсеткен ерен ерлігі үшін аға лейтенант Ж.Қизатов КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылдың қаңтар айындағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атанды.

Соғыстан кейін Ж.Қизатов бейбіт еңбекке араласты. Қызылорда облыстық астық өнімдері басқармасының бастығы, облыстық табиғат қорғау қоғамы төралқасының төрағасы, төраға орынбасары болды.

Ж.Қизатов Арал экологиялық апатын жалпы мемлекеттік деңгейге көтерді, Ауған соғысы және Чернобыль апатына қатысушылардың мүддесін қорғауға белсенділікпен ат салысты. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлді. Екі Жеңіс Парадына қатысты, бірнеше өлең, әңгіме, поэма және повестер жинағының авторы. 1995 жылы 28 сәуірде Ж.Қизатовқа "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді. Қызылорда қаласының көшесіне және №23 орта мектепке батырдың есімі берілген.

Жәлел Қизатов 1999 жылы 26 сәуірде дүние салды.


 

 

ЛАРИОНОВ СЕМЕН АРХИПОВИЧ

(1915-1984) 


1915 жылы 1 сәуірде Татарстан Республикасының Черемшан селосында дүниеге келген, ұлты мордвин. 1940 жылы Армия қатарына әскери борышын өтеп келгеннен кейін, Қызылорда қаласындағы электромонтерлер курсында оқиды. Соғысқа барғанға дейін осы мамандық бойынша жұмыс істейді.

1941 жылы Қызылорда қалалық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанып, артиллериялық взводтың командирі шенінде соғысқа қатысқан.

1943 жылғы 16 қазанда Днепр өзенін көктөй өтіп, Гомель облысының Щитцы деревнясы ауданында жау плацдармын талқандап, жау қолындағы билікті тартып алып, осы шайқас үстінде бірнеше ондаған гитлершілерді жер қаптырды.

Осы ерлігі үшін Семен Архипович Ларионов 1943 жылдың 30 қазанында Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейін Жамбыл облысының Мерке ауданында партия органдарында қызмет атқарды.

 

 

 

 

МАХАМБЕТОВ ЖАҚЫПБЕК

(1912-1981) 

 1912 жылы 5 наурызда Сырдария ауданының "Шолақарық" бойында сіңірі шыққан кедей жатақтың отбасында дүниеге келген.

Ж.Махамбетов соғысқа дейін облыстағы алғашқы тракторшылардың бірі болды. 1942 жылдың қаңтарында әскерге алынды. Механизаторлық мамандығы бар қазақ солдаты станокты пулеметтің тілін тез игеріп алды. Аз күнгі әзірліктен соң әуелі Калининград майданындағы соғысқа кіреді, шайқастағы ерлігі үшін "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.

1943 жылдың 2 қазаны күні Жақыпбек Махамбетов қолдан буылған салмен жаудың қардай бораған оғының астында өзінің азғана тобымен бірге Днепр өзенінен өтеді. Жаудың шабуылына тойтарыс бере отырып, "Максим" пулеметімен 43 фашисті жайратады.

Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының І944 жылы 24 ақпандағы Жарлығымен Днепр өзенінен еткен кездегі және оның оң жағыңдағы бекіністі ұсгап тұрудағы ерлігі мен өжеттігі үшін Жақыпбек Махамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ж.Махамбетов соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт еңбекке белсене араласты. Ұжымшар басқармасының ауылдық қеңесінің төрағасы, Сырдария ауданыңда кеңшар бөлімше басқарушы болып қызмет атқарды. Қазір туған ауылы Батыр есімімен аталады. Қызылорда қаласының көшесіне және қаладағы №43 мектепке Ж.Махамбетов есімі берілді.


 

МАХОРИН ИВАН ФЕДОРОВИЧ

(1916-1997)

 

1916 жылы 9 наурызда қазіргі Атырау облысы Индер ауданында жұмысшы отбасыңда дүниеге келген. Қарақалпақстаңда балық заводында механик болып жұмыс істеген.

1942 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, сол жақтан соғыска аттанған. Алтыншы гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар дивизиясыңда, орталық және 1-ші Украина майданында соғысқа катысты.

Днепр өзенінен өту кезіңдеті жанқиярлық ерлігі меи батылдығы үшін гвардия сержанты Иван Федорович Махорин КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атанды.

Соғыстан кейін Н.Ф.Махорин Қызылорда каласында тұрды.

"Қызылордақұрылыс" тресінің тұрғын-үй кбммуналдық мекемесіңде қызмет атқарды.

 

 

 

 

 


                                                     МИН АЛЕКСАНДР ПАВЛОВИЧ

(1915-1944) 

 

1915 жылы Примор өлкесінде туған. Ұлты кәріс. Саратов қаржы иститутының 3 курсын бітірген. Соғысқа дейін Арал қаласында кәріс бастауыш мектебінде мұғалім болды, 1943 жылы мамыр айында Қызыл армия қатарына алынды.

Рязандағы жаяу әскерлер училищесін бітіргеннен соң Батыс, Орталық, Бірінші Украин, Бірінші Белорус майдандарында ұрысқа қатысты. Атқыштар взводының, ротасының, батальонының командирі болды.

Волынск облысындағы Ковель қаласы үшін болған шайқаста А.Миннің батальонының жауынгерлері қаһарман ерліктің үлгісін көрсетті. Породубы қыстағында немістермен бетпе-бет айқаста А.Мин ауыр жараланып, ерлікпен қаза тапты.

КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 25 наурыздағы Жарлығымен Александр Павлович Минге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы орта мектеп ғимараты алдына бюст қойылған. Ташкент қаласындағы бір көшеге, Өзбекстанның Аққорған қаласындағы саябаққа есімі берілген. 2007 жылы Путятин с. Орта мектебі ғимаратына А.Миннің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. Ленин, Александр Невский, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.


 


                                                     МИХАЙЛЮК ЯКОВ ДАНИЛОВИЧ

(1919-2011)


Михайлюк Яков Данилович 1919 жылы Қызылорда облысы Қазалы стансасында дүниеге келген. 1938-1939 жж. Қазалы стансасындағы фабрика зауыттық училищесін (қазіргі №5 кәсіптік мектеп) паравоз машинисі мамандығы бойынша бітіріп, Қазалы локомотив депосында жұмыс істеген. Соғыс басталысымен авиация мектебінде оқиды. Мәскеу түбіндегі, Сталинград, Курск, Орел, Берлиндегі әуе ұрыстарына қатысып, жеке өзі жаудың 26 ұшағын атып түсіреді.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылы Яков Михайлович Михайлюкке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді. Өзінің жауынгерлік жолы жайлы «Мен –Сұңқар шабуылға шықтым» атты кітап жазған. Ол оқыған №5 кәсіптік мектептің алдындағы көшеге аты берілген. 17 жауынгерлік орден, медальдармен марапатталған.

 

 

 


 НИЕТҚАЛИЕВ ЕРДЕНБЕК

(1914-1945)


 1914 жылы 25 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылыңда дүниеге келген. 1936 жылы Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық инсгитутын бітіргеннен кейін Қызылорда облысына жұмысқа жіберіледі. Қызылорда қаласында малшылар мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, ауыл шаруашылык техникумында мұғалім, облыстық ауыл шаруашылық басқармасында нұсқаушы болып қызмет істеген.

1941 жылы Қызылорда қалалық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап қан майдаңда болған атты әскер дивизионының командирі Е.Ниеткалиев Жауынгерлік Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Ерденбек Ниетқалиев Польша Республикасы аумағында Рарцебург тас жолын қорғау кезінде, соңғы демі біткенше соғысып, нағыз ерлерше қаза тапты.

Аса үздік ерлігі үшін эскадрон командирі, гвардия капитан Ниетқалиев Ерденбекке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумынын 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

 


                                                        НҰРСЕЙІТОВ ЖАППАСБАЙ

(1923-1997)


1923 жылы 9 мамырда Тереңөзек ауданындағы Курайлы ұжшарында туған. Қызыл Армия қатарына 1942 жылы шақырылды. Соғыста талай рет ерлік пен батырлық көрсетті. Кіші комиссарлардың полк мектебін бітірген.

1943 жылдың қыркүйегінде Днепр өзенінен өту кезінде Ж.Нұрсейітов отырған кайықты жағаға елу метрдей қалғанда жау снарядының жарықшағы тесіп жіберді. Осы кезде Жаппасбай Нұрсейітов әлгі тесікті денесімен жапты. Ешқандай сескенуді білмейтін жауынгер үш тәулік бойы дұшпанның 13 рет кайта жасаған шабуылына тойтарыс беруге қатысып 150 гитлершілдің көзін құртты.

Ұрыстарда көрсеткен ерлігі меи батылдығы үшін Жаппасбай Нұрсейітовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 18 ақпандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ж.Нұрсейітов соғыстан кейін Қызылорда қаласында авиация кәсіпорындарында жұмыс істеді. Қазір Батырдың атындағы сүңгуір кайық Қызыл Тулы Солтүстік флот музейінде тұр.

1955 жылы 28 сәуірде Жаппасбай Нұрсейітовке "Қызылорда каласының құрметті азаматы" атағы берілді. 2000 жылы қаладағы бір көшеге батыр есімі берілді

Ж.Нұрсейітов 1997 жылы 14 сәуірде дүние салды.

 

 


                                                     ПОДОЛЬЦЕВ ИВАН ГРИГОРЬЕВИЧ

(1910-1944)

 

 1910 жылы 13 ақпанда Орынбор губерниясында туған. Білімі орта. 1930-1935 жылдары Шымкент және Қызылорда қалаларында НКВД органдарында қызмет атқарды. 1941 жылы 29 маусымда Қызылорда қалалық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанады. 4-ші Украина майданының барлау ротасының командирі болды.

Подолъцев 1944 жылдың 8 мамырында Севастополь қаласы үшін шайқаста ауыр жарақаттанып, мәңгілікке көз жұмды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Иван Григорьевич Подольцевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

 


 

 

 

 

РОМАНОВ АЛЕКСАНДР ДМИТРИЕВИЧ

(1922-1945)

 

Александр Романов 1922 жылы 18 қаңтарда Жаңақорған ауданының Төменарық селосында темір жол жұмысшысының отбасыңда дүниеге келді.

Соғыстың басталған алғашқы күндерінде Александр әскери училищені бітіріп, майданға аттанды. Ал 1942 жылдың маусым айынан бастап қан майданға араласып кетті. Батыл да өжет офицер ұрыс кезінде өзінің жеке басының ерлігімен жауынгерлерді жеңіске рухтандырып отырды, Берлин-Лихтенбад майданында Романовтың ротасы өздерінен күші әлдеқайда басым жаудың 6 рет қайта шабуылына төтеп беріп, оларды көп шығынға ұшыратты. 1945 жылдың 23 сәуірінде Романовтың ротасы Тельт каналынан бірінші болып өтіп, дұшпанның плацдармын басып алды. Сөйтіп, жауынгерлердің кідіріссіз өтуіне жол ашты. Берлин көшесінде болған қиян-кескі соғыс кезінде Александр Романов ерлікпен қаза тапты.

Отанға шексіз берілгендігі, ерекше ерлігі мен батылдығы, жауынгерлік тапсырмаларды орындаудағы ержүректілігі үшін лейтенант Александр Дмитриевич Романовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

А.Д.Романов 1945 жылы 28 көкекте Берлин қаласының Бниндеп-Страссе кешесінде жерленген, кейін сол жерге ескерткіш қойылды.

 

 


 

САМОРОКОВ НИКОЛАЙ НИКОЛАЕВИЧ

(1910-1974)


1910 жылы 5 мамырда Перовск (Қызылорда) қаласыңда дүниеге келген. Армияға 1940 жылы шақырылды. 1942 жылы әскери-авиациялық училищені бітірген.

1943 жылдың тамыз айында штурмовиктер тобы Старая Русса-Заболотно ауданындағы жаудың артиллериялық батареяны, бес зенит пушкасын қиратты. Николай Самороков жүзден астам жауынгерлік ұшу жасады, 34 әуе шайқасына қатысты.

Соғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 24 қазандағы Жарлығымен ұшқыш-штурмовик, гвардия аға лейтенанты Николай Николаевич Самороковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Орынбор каласында тұрды, 1974 жылы қайтыс болды.

 

 


                                                   СЧАСТНОВ ВЛАДИМИР МИХАЙЛОВИЧ

(1915-1944)

 

1915 жылы 1 тамызда Қазалы станциясында жұмысшы отбасында туған. Соғысқа дейін паровоз депосында слесарь болып жұмыс істеген. 1938 жылы Қазалы аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынып, Хасан көлінде жапон самурайларына қарсы соғысқа қатысады. Екінші рет, 1942 жылы наурызда қайтадан әскерге шақырылады.

Кейін Батыс майданға жіберілген гвардия сержанты Владимир Счастнов саперлер бөлімшесін басқарады, 1944 жылдың қазан айында шабуылға шығатын бөлімшелерге жол ашу шайқасында жолды миналар мен темір торлардан тазарту кезіңде ауыр жарақаттан қаза табады. Батыл жауынгер Польшада жерленген.

Батырлығы мен жанқиярлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен В.М.Счастновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

 

 

 

 

ТҮКТІБАЕВ ҮРМӘШ

(1917-1944)

  

Қазалы ауданы "Сарыой" ауылыңда (қазіргі Түктібаев) 1917 жылы 17 қарашада дүниеге келген. Мектепте 6 кластық білім алады да, колхоз жұмысына белсене араласады.

1941 жылғы шілдеде 34 жастағы колхозшы Қазалы аудаңдық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанды. Ол алғашқы кезде пулеметші, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Майданда төрт рет жаралаңды. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Үрмәш Түктібаев Солтүстік-Батыс майданында неміс фашистеріне қарсы кескілескен шайқас кезінде қолма-қол шайқаста жау қолынан қаза табады. Ол Латвияның Лудзек ауданында Перзское деревнясындағы бауырластар зиратына жерленген.

Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Үрмәш Түктібаевқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

 


                                                      ШЛЯПИН ГЕННАДИЙ ФАДЕЕВИЧ

(1912-1970) 

 

1912 жылы 13 тамызда Қазалыда қызметкердің отбасында туган. Агроиндустриялық техниқумды бітіріп Қазалы МТС-да, Осоавиахим облыстық кеңесінде жұмыс істейді. 1940 жылы Ташкент қаласындағы жаяу әскерлер училищесінде оқиды. 1934-1936-1939 жылдары әскер қатарыңда болды. 1941 жылдың маусым айында армияға шақырылды.

Г.Ф.Шляпин басқарған 196-шы гвардиялы атқыштар полкі 1944 жылдың 22 м:аусымында жаудың мықты қорғаныс бекінісіне батыл шабуыл жасап, немістердің ең маңызды тірек пункті Сиротиноны басып алады. Дұшпаңды қуған полк Батыс Двина өзенінен өтіп, жауларды және олардың техникасын көп шығынға ұшыратты.

Г.Ф.Шляпин жаужүрек батырлығына орай "Ерлігі үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы: 22 маусымдағы Жарлығымен генерал-майор Г.Ф.Шляпин Кеңес Одағы Батыры атанды.

Соғыстан кейін Қазалыда, Ташкентте тұрды. 1970 жылы қайтыс болды.

 

 

 

                                                   ІЛИЯСОВ НАҒИ

(1920-1987)


1920 жылы 6 қарашада Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының "Қызыл Коммуна" ұжшарында туған. 1933-1936 жылдары балалар үйінде төрбиеленген. Орта Азия университетінің жұмысшы факультетінде оқыған. 1937 жылы Ташкент педучилищесінің үшінші қурсына түсіп, оны бітіргеннен кейін Жоғарғы Шыршық ауданында, ал 1941 жылдан Қызыл Армия қатарына шақырылғанға дейін (қаңтар 1942) Тереңөзек ауданындағы Жәдігер орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған.

1942 жылдың қаңтар айында майданға аттанады. Ол Мәскеуді, Сталинградты қорғауға, Элистаны, Ростовты, Донбассты азат етуге қатысты. Қазақ халқының адал ұлы Мәскеуден Будапештке дейінгі жолды жүріп өтті, Бенгрияда, Австрияда, Чехословакияда жауға қарсы соғысты.

Ұрыстағы ерлігі мен батырлығы, Дунай өзенінен өту кезіндегі тапқырлығы үшін Нағи Ілиясовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейінгі жылдары туған жерінде жауапты қызметтер атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 дәрежелі Даңқ орденімен, медальдарымен марапатталды. Нағи Ілиясов 1987 жылы 6 мамырда қайтыс болды. Бұрыңғы "Қазақ ССР-інің 50 жылдығы" кеңшары (Сырдария ауданы) қазір Нағи Ілиясовтың есімімен аталады.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

09 февраль 2015 г. 16:39
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x