Кел,оқырман оқиық! Медиатаным2017 жылдың 24 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқырмандар арасында «Кел, оқырман оқиық!» атты медиатаным ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: мерзімді басылымдар залына келіп түсетін әр түрлі басылымдармен таныстыру және қызықты, маңызды мағлұматтарды оқырмандарға насихаттау. Шараға Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ә.Наурызбаева және №19-16 оқу тобы қатысты. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мерзімді басылымдар залына келіп түсетін халқымыздың салт–дәстүрін кеңінен насихаттайтын ұлттық-этнографиялық басылым «Дәстүр», Қазақстан театр қайраткерлері одағының Республикалық театртанымдық әдеби-көркем «Театр КZ», денсаулықтың құпия сырларын ашатын Республикалық педагогикалық әдістемелік «Валеология. Салауатты өмір салты» және National Geographic қоғамының ресми басылымы, төрткүл дүниедегі алуан-түрлі оқиғалар мен тылсым дүниелерді сипаттайтын «National Geographic Қазақстан» журналдарын кеңінен таныстырып, журнал беттеріне жарық көрген қызықты айдарлармен бөлісті.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |