Сырда туған сырбаз ақын

08.02.2013   «Жыр ғұмыр»- әдеби-сазды кеш
Балалар бөлімі Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сырдың перзенті, ақиық ақын  Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына арналған«Тәжібаев оқулары» аясында  «Жыр ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Әдеби кешке №4 С.Сейфуллин атындағы  орта мектептің оқушылары  және «Самұрық» би тобы қатысты.  Шарада  ақынның шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, оқушылар  ақынның өлеңдерін  жатқа оқып, көрермендер «Толағай» поэмасынан шағын қойылымды тамашалады. №264 мектеп-лицейдің оқушылары ақынның өлеңдеріне жазылған «Сырдария», «Құлыншағым-құндызым» т.б.әндерін орындап, №187 орта мектептің  оқушылары Әбділда атаның өлеңдерін оқыды..
Кітапхана фойесінде   «Жыр сүлейі – Әбділда » атты кең көлемді суретті кітап көрмесі

07.02.2013  Тәжібаев оқулары


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 4-9 ақпан аралығында «Тәжібаев оқулары» апталығы ұйымдастырылды. Осы апталық аясында  7 ақпан күні оқу залы бөлімінде, қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі, филология  ғылымының 
 докторы,  жерлесіміз
Ә.Тәжібаевтың  «Тасты басып кетілген, Сазды басып жетілген, Арғымақ ақын Әбекең»  атты жыр кеші өтті.
Кешке  жергілікті ақын – жазушы ағаларымыз Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әскербек Рахымбекұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,ақын Махмұтбай Әміреұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,ақын  Қатира Жәленова қатысты. 
Қонақтар мен оқырман қауым экраннан Ә.Тәжібаевтың Сыр өңіріне келген кезіндегі деректі фильмінен үзіндіні тамашалап, Әбділдә атамыздың даусын естіп, ақынмен бір сәт кездескендей әсер алды.
Жыр кешін Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қаршыға Есімсейітова жүргізді.
Кеште ақын шығармаларынан өлеңдер оқылды.Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенті Тәуекелов Азамат ақынға « Арнау» шығарып, оқырмандар алдында тұсау кесерін жасаса, Қызылорда гуманитарлық колледжі  студенті  Қасымов Жантас, «Болашақ» университетінің студенті Абдумаликова Назерке, Зиянсызова Бибісара  ақын өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Қорқыт  - Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Сүгірбай Марат Тұрмағамбеттің рубаиларын қобыз аспабында орындап, оқырмандар ықыласына бөленді.
31.01.2012  «Жыр сүлейі – Әбділда»  -  кітап көрмесі
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сырдың перзенті, ақиық ақын  Әбділда Тәжібаев – қазақ әдебиетінің тарихында  көрнекті орынға ие болған  ақын-жазушылардың бірі.
Кітапханада жыл сайын ақпан айында «Тәжібаев оқуларын»өткізу дәстүрге айналған.
Балалар бөлімінде 15 қаңтардан бастап  «Тәжібаев оқулары» аясында «Жыр сүлейі – Әбділда»атты «Толағай тұлға», «Сырым менің, Сырым менің сырласым», «Жұлдыз шашқан жырлар»  атты 3 бөлімнен тұратын суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ақынның шығармалары, фото-суреттер, қазақ ақын-жазушыларының ақын туралы жазған кітаптары, олардың лебіздері жазылды.
Көрмеге барлығы 56 кітап, 20 фото-сурет қойылды. Кітап көрмесі 9 ақпанға дейін ұйымдастырылады.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.
17.02.2013   1999 жылы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың есімі берілді.
1999 жылы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың есімі берілді. Бұл біздер үшін үлкен мақтаныш, зор мәртебе. Кітапханамызда жыл сайын ақпан айында«Тәжібаев оқуларын» өткізу дәстүрге айналған.
2012 жылдың 17 ақпан күні ақын Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналып «Жырлайды жүрек» атты әдеби кеш өтті. №7 орта мектептің 8 «г» сынып оқушылары   қатысты.   Кешті 8 «г» сыныбының жетекшісі  Шамахова Гүлбану «Арнау» өлеңімен ашты.   Мәдени шарада   ақынның өлең, поэмалары  оқылып,  «Толағай» поэмасынан қойылым көрсетілді.  Сонымен қатар №7 орта мектебінің «Ремти» тобы  және  «Өнер қырандары» атты  КВН командасы өз өнерлерін көрсетті. Шараға №4, №12,140, 233 орта мектептердің оқушылары қатысты.
Кітапхана фойесінде   «Жұлдыз шашқан жырлар» атты кең көлемді суретт кітап көрмесі ұйымдастырылды.
15.02.2012 Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәжібаев оқулары» аясында Сыр топырағында дүниеге келіп Әбділдадай адуынды ақынды туған, жарты ғасырдай бұрын Асқар Алатаудың баурайында
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәжібаев оқулары» аясында Сыр топырағында дүниеге келіп Әбділдадай адуынды ақынды туған, жарты ғасырдай бұрын Асқар Алатаудың баурайында мәңгілікке бақилық болған, ақын, аналардың анасы Айманкүл  Тәжібаеваның шығармашылығына арналған «Жыр анасы, ел анасы – Айманкүл» атты кеш өткізілді.
Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл шараның мақсаты – оқырман қауымға ақынның төл шығармаларын таныстырып, насихаттау.Шара барысына жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының жас ақындары және ақын Қатира Жәленова қатысып, Айманкүл ана жайлы өз естеліктерімен  бөлісті.
Мәдени шарада жас оқырмандар ақын өлеңдерінен, поэмаларынан үзінділер оқып,жас ақындар Айманкүл ақынға арнаған жүрекжарды өз өлеңдерін арнады.
«Жұлдыз шашқан жырлар» «атты кітап көрмесі үйымдастырылып,оқырмандар назарына ұсынылады.
Тәжібаев мұражайы
 
22 желтоксан 2014 ж. 12:41
201 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: