«Даналықтың бәрі - кітапта» атты әдеби қонақжай

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2021 жылдың 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас оқырмандар арасында мәдени-танымдық көзқарасын және шығармашылық ынтасын арттыру мақсатында «Даналықтың бәрі – кітапта» атты кітапхананың тұрақты оқырмандарымен «Кездесу» клубының отырысы және әдеби қонақжай ұйымдастырды. Шара барысында «Кездесу» клубы мүшелері  жалпыхалықтық оқуға  берілген «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы туралы ой бөлісіп, оқырман жүрегінен  орын табады деген сенімдерін білдірді.  Кеш барысында 2021 жылға клуб мүшелерінің жоспарланған жұмысы және ұсыныстары талқыланып, сонымен қатар жаңадан оқырмандар «Кездесу» клубына қосылды.



 
12 январь 2021 г. 17:30
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: