Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2021 жылдың 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас оқырмандар арасында мәдени-танымдық көзқарасын және шығармашылық ынтасын арттыру мақсатында «Даналықтың бәрі – кітапта» атты кітапхананың тұрақты оқырмандарымен «Кездесу» клубының отырысы және әдеби қонақжай ұйымдастырды. Шара барысында «Кездесу» клубы мүшелері жалпыхалықтық оқуға берілген «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы туралы ой бөлісіп, оқырман жүрегінен орын табады деген сенімдерін білдірді. Кеш барысында 2021 жылға клуб мүшелерінің жоспарланған жұмысы және ұсыныстары талқыланып, сонымен қатар жаңадан оқырмандар «Кездесу» клубына қосылды.