«Г.Х. Андерсен ертегілеріне саяхат» -ертегі-шоу

       Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 26 маусым  күні «Г.Х.Андерсен ертегілеріне саяхат» атты ертегі-шоу өткізді. Шараға №198 орта мектептің «Планета детства»  жазғы  тынығу лагерінде демалушы балалар қатысты. Балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсен биыл 210 жасқа толды.  Іс-шараның басты мақсаты: балаларды  ертегішінің өмірбаянының қызықты деректерімен таныстыру, Г.Х.Андерсеннің шығармашылығына қызығушылықтарын ояту, эстетикалық талғамын дамыту, оқу мәдениетіне тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін ашу.
       Ертегі-шоу «Ертегіні басынан таны», «Суретшілер байқауы», «Түймедағы-викторина», «Ертегіні жалғастыр», «Жұмбақтар», «Кейіпкер портреті», «Капитандар сайысы», «Г.Х. Андерсеннің ертегісі қайсысы?», «Андерсен ертегілерінің кейіпкерлері» - кроссворд және «Үй тапсырмасы» («Түймеқыз» және «Бұршақ дәнін сезген ханшайым» ертегілерінен көрініс дайындау) атты сайыстардан тұрды.  Шара барысында Г.Х.Андерсеннің өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, балалар «Ұсқынсыз үйрек» мультфильмін тамашалады.

 



26 июнь 2015 г. 15:24
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: