АБЫЗОВ БАҚЫТЖАН

   

     Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Тартоғай ауылында 1959 жылы тамыздың 3-інде дүниеге келген. 1976 жылы Алматы қаласындағы №9 мектеп-интернатты тәмамдаған. 1982 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетінің журналистика факультетін бітірген. «Мектеп» баспасында, «Егемен Қазақстан» газетінде, аудандық «Сырдария» газетінде, облыстық партия комитетінде, облыстық Кеңесте, облыс әкімінің аппаратында қызметтер атқарған. 1980 жылы жас ақын-жазушылардың республикалық «Жігер» фестиваліне қатысқан. «Темірқанат» (1981), «Қарлығаш» (1984) ұжымдық жыр жинақтарында топтама өлеңдері жарияланған.

        Дағыстан ақыны Магомед Алиевтің «Қанат» атты поэзия кітабын белгілі   қазақ  ақындарымен бірге қазақ  тіліне  аударуға атсалысқан. Әйгілі америкалық әлеуметтанушы әрі саясаттанушы ғалым Самюэль Филлипс Хантингтонның «Үшінші толқын: 20-шы жүзжылдықтың соңғы кезеңіндегі демократияландыру», «Өркениеттер қақтығысы» деп аталатын еңбектерін қазақ тіліне аударған.

        Өлеңдері жергілікті және республикалық мерзімді баспасөздерде жарияланып жұр. 2010 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

        2003 жылы «ҚАЗақпарат» баспа корпорациясынан «Жанарымдағы жаңбырлар» атты поэзия кітабы жарық көрді. Өлеңдер топтамасы «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына енген. Әдебиет, өнер, поэзия мәселелеріне қатысты бірқатар көркем мақалалардың авторы.

        

Әдебиеттер:


Абызов Б. Жанарымдағы жаңбырлар: өлеңдер – Алматы: Қазақпарат, 2003. – 156 б.

***

Абызов, Бақытжан.Ағалардың аялы алақанында өстім / Б. Абызов ; әңг. Г. Бектас// Айқын. – 2016.- 14 маусым (№ 86).- 5 б.
Қазақ поэзиясына қатысты ақынмен сұхбат.

Абызов Б. Медеуге тағызым етіп келе берем / Б. Абызов; Өлеңдер // ALMATY AQSHAMY. – 2019. - 8 тамыз (№ 95). - 11 б.                      Ақынның өмірбаяны мен өлеңдері берілген.                                                                                                

Абызов Б. Сағыныштарым бар талай, Оятып жүрер таңда кеп... / Б. Абызов// Сыр бойы. – 2019.- 3 тамыз (№114/115).- 5 б.                   Автордың өмірбаяны, өлеңдері берілген.                                                                                                                 

Бақытжан Абызов: [Өмірбаяны, өлеңдері берілген] //Жүректегі жауһарлар: Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы. – Қызылорда:Алтын Орда,2001. – 358-361б.

Бақытжан Абызов //Жыр маржаны : Қазақ поэзиясының антологиясы : 10 томдық/ құраст.: М.Құлкенов., Г. Мұқышева. – Алматы : Мерекенің баспалар үйі, 2014. – 7-том.-329-336 бет.

Сәулебек А. Абызов Бақытжан //Сәулебек А. Тарихы терең Тартоғай  : Энциклопедиялық кітап /  А. Сәулебек. – Алматы : Үш қиян, 2015. – 116 б.                           

Елубаев Е.  Бес қаламгер одаққа мүшелікке өтті:  Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған қаламгерлер Д.Беркінбаев, Н.Рахметова, Б.Абызов,Н.Елтай, Д.Байдрахман, Ә.Мейірбеков / Е.Елубаев // Ақмешіт ақшамы. - 2010. - 15 қазан

Ергешбайұлы А. Руханият әлемінің өкілдері Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті: Н.Рахметова, Б.Абызов, Д.Аяшұлы, Ә.Мейірбеков, Д.Байдрахманов,

Н.Елтай / А.Ергешбайұлы // Ақмешіт апталығы. - 2010. - 7 қазан

Ораз, Нұрғали. Ақын ғашық болған кез [Мәтін] : эссе / Н. Ораз // Қазақ әдебиеті. – 2020.- 27 наурыз (№ 13-14).- 16 б.

Ораз Н. Менiң ақын достарым: Ақындар Бақытжан Абызов, Ғалым Әрiпов жайлы //Алматы ақшамы. - 2012. - 22 наурыз (№35). - 30 б.

 "Уақыттың алуан түсі" [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2014.- 10 - 16 қазан (№ 41/42).- 2 б.
Ақын Бақытжан Абызовтың "Уақыттың алуан түсі" атты жаңа жинағы жарық 

көрді.

 "Уақыттың алуан түсі"//Жас Алаш.- 2014. - 4 қараша (№ 87). - 5 б.            

Ақын Бақытжан Абызовтың Алматыдағы "Хан тәңірі" баспасынан "Уақыттың алуан  түсі" атты жыр жинағы жарыққа шықты.                                                     

"Уақыттың алуан түсі"//Ана тілі.- 2014. - 27 қараша - 3 желтоқсан (№ 47). - 12 б.                                                                       Ақын Бақытжан Абызовтың "Уақыттың алуан түсі" атты поэзия кітабы жарық көрді.  

Ұзақбаев Б.  Жүрекке жылы жырлар: Ақын Бақытжан Абызовтың "Жанарымдағы жаңбырлар" кітабына пікірлер / Б. Ұзақбаев //Сыр бойы.- 2003.-8 қараша.                   



 

09 сәуір 2015 ж. 16:31
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: