KITAPKHANA.KZ
kz ru

АЙНАБЕКОВ БАҚТЫБАЙ

  1949 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасында дүниеге келген. Еңбек жолын осы ауданда аудандық радио хабарын таратуды ұйымдастырушылықтан бастады. 1969 жылы аудандық «Коммунизм жолы» газетінің еңбекші хаттар  бөлімінің меңгерушісі, 1974 жылдан аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, 1975 жылдан Қазақстан Компартиясы Жаңақорған аудандық комитетінің нұсқаушысы, соңынан саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болған. 1981 жылы Алматы облыстық «Жетісу» газетінің партия тұрмысы және насихат бөлімінің меңгерушісі болып, соңынан республикалық Баспасөз комитетінің Қоғамдық саяси және ауыл шаруашылығы әдебиеттері бөліміне жетекшілік етті. 1983 – 1998 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан» теледидарында комментатор, насихат хабарларының Бас редакторы қызметтерін атқарған. 

  2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктер мен байланыс жөніндегі Кеңес хатшылығының консультанты болған.

  Қазір Қазақстан Жазушылар одағының «Жұлдыз» журналы мен Республика Жоғары Соты және Әділет Министрлігінің «Заң» газетінде республикамыздың оңтүстік аймақтарында орналасқан облыстарының меншікті тілшісі.

  «Арманым менің», «Енші», «Балықшы бала», «Мәңгілік өмір», «Әлмеректің оралуы», «Шүкіршілік» жыр жинақтары мен «Дін мемлекеттен бөлек пе немесе жауапсыз хаттар», «Есігіңді аш, Өкімет пен Үкімет дін келіп тұр», «Фалсафа – Алланың аян ілімі», «Бесарық Тұрсынбайды ұмытпайды», «Кім қауіпті?», «Қазақстаннның №1 халық емшісі», «Құпия жан», «Менің Жаңақорғандық жерлестерім» жинақтарының авторы. Бірнеше дүркін республикалық ақындар мүшәйрасына қатысып, жүлдегер атанған.

  Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.

 

 

Əдебиеттер:

   Айнабеков Б. Бесарық Тұрсынбайды ұмытпайды. – Алматы: Үш қиян, 2006. – 128 б.Айнабеков Б. Енші: Өлеңдер. – Алматы:Жалын, 1985. – 48 б.

  Айнабеков Б. Шүкіршілік: Өлеңдер, толғаулар, поэмалар / Б.Айнабеков; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы. - Астана:   Фолиант, 2009.- 312 б. - (Сырдария кітапханасы)

  Айнабеков Бақтыбай //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы:Ан Арыс, 2009. – 14-15 б.

   Бақтыбай қажы Айнабеков //Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы: Əл-Фараби, 1998. – 212 б.

  Сопыбеков А. Бақтыбай қажы Айнабеков //Сопыбеков А. Жаңақорған:Тарихнама. – ШымкентКітап, 2008. – 445-446 б.

  Ақынын іздеген əкім: [Б.Қуандықов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қаз. Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ақын Бақтыбай Айнабековке өз алғысын жолдады] // Қазақ əдебиеті. - 2009. - 17 сəуір. - 2б.

  Ізтілеу Д. Тоғыз балам - туған жердің тұмары: Ақын Бақтыбай Айнабеков жайлы /Д.Ізтілеу //Ана тілі. - 2012. - 9 - 15 ақпан. - 11 б.

 


 

09 сәуір 2015 ж. 16:37
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x